«Қорқыныш пен үрей королi» — 76 жаста

5 минут Аяна Сейтхан
Альтернативный текст

Әйгілі америкалық жазушы,  «қорқыныш королі» атанған Стивенг Кинг 1947 жылы 21 қыркүйекте дүниеге келген. Бүгінде 76 жасқа келген сөз өнерінің майталманын білмейтін оқырмандар кемде-кем.


Хоррор, триллер, фантастика, фэнтези, мистика, драма, детектив жанрларында қалам тербеген жазушы 70-тен астам кітап жазған. Әлемдегі ең танымал автордың қаламынан шыққан туындылар көптеген тілдерге аударылып 350 млн. астам тиражбен сатылған.

Стивен Кинг  шын мәніндегі табысты жазушы. Оның өлшеусіз таланты мен ұшан-теңіз қиялынан шыққан туындылар бестселлерге айналуда. Ал өзі қаламақысы жоғары авторлардың көшін бастап тұр. Кингтің бала кезіндегі сүйікті ісі түрлі жанрдағы кітаптар мен комикстерді оқу болатын. Қорқынышты фильмдерді көруді ұнататын. Жеті жасында капитан Кейсидің басынан кешкендері туралы алғашқы әңгімесін жазған Кинг әдебиет әлеміне қадам басты. Он үш жасында Крис Челсимен бірге жазған «Адамдар, орындар және заттар»  атты әңгімелер жинағы жарық көреді.

Стивен Кинг өзінің көптеген шығармаларын «Ричард Бахман», «Джон Свифен» тәрізді бүркеншік атпен шығарған. Бұл әдебиет әлеміндегі атақ-абыройын арқаланбай, басқа атпен өзінің жазушылық жетістігін қайталауға деген әрекеті болатын. Одан бөлек автордың жылына бір ғана кітабын шығару туралы баспалардың талабын айналып өту әдісі еді.

«Күніне 4-6 сағат уақытты жазуға, кітап оқуға арнау керек. Егер бұған уақыт таба алмасаңыз жақсы жазушы боламын деп ойламай-ақ қойыңыз» - дейді қарымды қаламгер.

Стивен Кинг еңбекқорлығының арқасында өзіне берілген талантын барынша ашып, әлі күнге дейін оқырмандарды таңдандырып келеді. 1982 жылы «Қара мұнара» циклінің алғашқы кітабы «Қарулы адам» атты 300 беттен асатын романды небәрі 10 күннің ішінде жазып шыққан болатын.

Бірде жазушыдан не үшін кітап жазатынын сұрағанда:

«Бұл менің ең сүйікті ісім. Бұдан өзге жақсы көріп істейтін ісім жоқ.  Мен әңгіме жазу маған ұнағандықтан жазамын. Шығармашылықтан, кітап жазудан өзге нәрсемен айналысуды көз алдыма елестете де алмаймын» - деп жауап берген.

Әлемге әйгілі жазушының туған күніне орай «Фолиант» баспасы «Өлі аймақ» атты романын қазақ тілінде шығарды. «Өлі аймақ» романы Стивен Кингтің шығармашылығындағы бесінші кітабы. Автор бұл туындысын ерекше бағалап, жазушылық мансабындағы ең алғашқы нағыз романым деп есептеген. Мектеп мұғалімі Джон Смит 5 жыл бойы өмір мен өлім арасында жатқан терең ұйқыдан оянғанда көріпкелдік қасиетінің бар екен байқайды. Бойындағы қасиетін күрмеуі қиын қылмыстарды ашуға бағыттайды. Бәлкім болашақта миллиондаған адамның өмірін жалмайтын ашкөз билікққұмар адамның саясатқа келуіне шектеу қойып, оны ертерек тоқтату керек шығар. «Өлі аймақ» романы жазушының саяси триллер жанрында жазылған үздік туындыларының бірі.

«Фолиант» баспасы бұған дейін де Стивен Кингтің «Сол», «Жасыл миль» атты романдарын және «Төрт маусым» атты хикаяттар жинағын («Рита Хейворт немесе Шоушенктен қашу», «Әзәзілдің шәкірті», «Мәйіт», «Тыныс алу әдісі») қазақ тілінде шығарған болатын.

Еще много интересного

Статьи STEPPE

29 сентября в Алматы откроется мультимедийная выставка легендарного стрит-арт художника Бэнкси

Выставка с оригиналами работ известного стрит-арт художника, изменившего представление об искусстве.

2 минуты
2 минуты

1 октября в Алматы пройдет самое крупное беговое соревнование в Центральной Азии

Представляем новый спецпроект совместно с Almaty Marathon

2 минуты
2 минуты

В Астане пройдет KPMG Tech Awards для награждения лучших IT-проектов

Заявки на участие в премии принимаются до 25 сентября.

2 минуты
2 минуты

Шон Ганн, Майкл Рукер, Александр Кузнецов, Пьер Спенглер и «Майор Гром» на Comic Con Astana 2023

Актеры «Стражей Галактики», «Майора Грома» и всемирно известные косплееры посетят Астану.

3 минуты
3 минуты